Мұсылманға тәкәппарлыққа әкелетін киім киюге тыйым салынған. Сол сияқты, қоршаған қауымнан өзгеше киімді киюге тыйым салынған. Адамдардан өзгешелену үшін киім киюге болмайды, мейлі ол киім қымбат болсын, арзан болсын, басқа адамдардыкіне ұқсаса да, ұқсамаса да, себебі бұл тәкәппарлыққа апарады[1]. Оған қоса мұсылманнаң киімі кәпірлердің киіміне ұқсамауы керек, денеге жабысып тұрмауы керек және мөлдір болмауы керек.

Quick Facts
Close

Әйел киім үлгісі

Толық мақаласы: Хиджаб
Thumb
Әлемдегі хиджабтың жағдайы:
Қызыл: рұқсат етілмеген (мемлекеттік мекемелер/оқу орындары)
Сары: кейбір әйелдер киеді
Ақшыл жасыл: әйелдердің біразы киеді
Орташа жасыл: әйелдердің көбісі киеді
Қою жасыл: заң бойынша міндеттелген

Хиджаб — әйелдің бүкіл денесі мен әшекейлерін бөтен ер кісілердің көзінен жасыру. Шариғат бойынша иман келтірген қыздар мен әйелдерге бөтен ер кісілерден жүздері мен қолдарын, онымен қоса бүкіл денесін және құлақ, қол, мойын, омырау, аяққа тағатын әшекейлерін толық жабу парыз етілген[2].

Хиджаб шарттары
  • Жамылғыш әйел кісінің ішкі киімдері мен дене мүшелері сыртынан көрініп тұратындай жұқа болмауы тиіс;
  • Жамылғышты әйел кісі басынан бастап жамылғаны жөн, осылай жамылу Құранда Аллаһ Тағала бұйырған «жилбабын жамылсын!» яғни «жамылғышты әйелдер басынан бастап жамылсын!» — деген бұйрыққа сай келеді;
  • Жамылғыштың матасы сыртынан қарағанда көз тартатын, яғни адамдарды өзіне қарататындай, немесе қызықтыратындай түсте болмауы керек;
Хиджаб киюге Құран мен Сүннеттен дәлелдер
Thumb
Хиджабтың бетті толықтай жабатын түрін (бурқа) киген Ауғанстандық әйел

«Әй, пайғамбар! Жұбайларыңа, қыздарыңа және мүмін әйелдерге айт! (Үйлерінен шығатын болса) үстеріне жилбәбін (яғни жамылғысын) жапсын! Бұл оларды жеңіл (күң емес, жезөкше емес, азат әрі пәк әйел екендігін) тануға, оларға бөтен еркектердің тиіспеуіне жақын!»

Ахзаб сүресі, 59-шы аят

«Әй, Мұхаммед! Мүміндерге айт! Бөгде әйелдерге қараудан көздерін төмен түсірсін және ұятты жерлерін харамнан сақтасын! Осы олар үшін ең таза жол. Расында Аллаһ олардың не істейтіндерінен Хабардар. Мүмін әйелдерге де айт! Бөтен еркектерден көздерін төмен түсірсін! Әрі ұятты жерлерін харамнан сақтасын! Олар тек өздігінен көрініп тұрғаннан басқа әшекейлерін көрсетпесін! Және орамалдарын басына салып, онымен омырауларын жапсын! Әрі олар әшекейлерін көрсетпесін! Тек күйеулеріне, немесе әкелеріне, немесе күйеулерінің әкелеріне (яғни қайын аталарына), немесе ұлдарына, немесе күйеулерінің (басқа әйелдерден туған) ұлдарына, немесе аға-інілеріне, немесе аға-інілерінің ұлдарына, немесе әпке-сіңлілерінің ұлдарына, немесе мұсылман әйелдерге, немесе құлдарына, немесе әйел керек қылмайтын еркектерге, немесе әйелдердің ұятты жерлерін білмейтін жас балаларға көрсетсе онда оған рұқсат. Өздерінің жасырған әшекейлері біліну үшін аяқтарымен жерді тепсініп жүрмесін! Әй мүміндер! Табыста болуларың үшін барлығың Аллаһқа тәуба етіңдер!»

Нұр сүресі, 30-31 аяттар

Айша (Аллаһ одан разы болсын) айтқан:

«Әуелгі муһажир әйелдерді Аллаһ мейіріміне бөлесін! Олар «Және орамалдарын басына салып, онымен омырауларын жапсын!» - деген Нұр сүресінің 31-ші аяты түскенде сырт киімдерін жыртып, оны орамал етіп бастарына салып алды»

—«Сахих әл-Бұхари»

Ер адамның киім үлгісі

Ер адамдардың әуреті кіндігінен бастап тізелеріне шейін, яғни бұл жерлерді киіммен жауып, бөгде адамдарға көрсетуге болмайды[3]. Күң әйелдердің де әуретінің шегі осы.

Дереккөздер

Wikiwand in your browser!

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.

Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.